Жастарды жат ағымнан сақ болуға шақырды

0
187

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының дінтанушы маманы Т.Байманованың  қатысуымен жастарға семинар кеңес өткізілді. Қала аумағында орналасқан  ҚР ҚМ Кеңес Одағының Батыры С.Рақымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің сынып жетекшілері мен жеке құрамы арасына дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру мақсатында «Кереғар діни ағымдар мен секталардың іс-әрекеттері және мектептің осы бағытта жүргізілетін жұмыстары» тақырыбында лекциялар оқылды.

Семинар жұмыстары барысында жастарға діни білімді тек арнайы дінтанушы маманнан алу қажет екендігі  де айтылды. Діни әдебиеттерді таңдаған кезде арнайы рұқсат етілген кітапшаларды ғана пайдалану керектігі түсіндірілді.