Сынып жетекшілеріне дін тақырыбы түсіндірілді

0
199

Шымкент қаласындағы Ақпан батыр атындағы №10 жалпы орта мектебінің сынып жетекшілерімен дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру мақсатында семинар өткізілді.

Семинар барысында Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының  дінтанушы маманы Т.Байманованың  қатысуымен «Кереғар діни ағымдар мен секталардың іс-әрекеттері және мектептің осы бағытта жүргізілетін жұмыстары» тақырыбында дін саласы бойынша мәліметтер келтіріп, кеңестер айтылды.