Әлеуметтік желі арқылы іріткі тудыратындардан сақ болайық

0
261

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының  дінтанушы маманы Т.Байманованың  қатысуымен 2019 жылғы  қаңтар айының 21 күні  қала аумағында орналасқан  Әуе қозғалысын  басқару орталығының  жеке құрамына дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру мақсатында дін саласы бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары  жүргізілді.

         Кездесу барысында әлеуметтік желі арқылы қоғамды ішінен бөліп, діни алауыздық тудырушы діни ұйымдардың іс-әрекетінен сақтанудың жолдары нақты түсіндірілді.

           Түсіндірме жұмыстары барысында сыртқы келбетін өзгертіп, қоғамнан теріс айналған, еліміздің мемлекеттік саяси бағытына арам пиғылды көз қарастағы діни ағымдар мен ұйымдардың сот шешімімен жабылғандығы және оған қатысы бар деген күдікпен қаралған азаматтардың заң алдында қатаң жауапкершілікке тартылатындығы  түсіндіріліп өтті.

Қазіргі жастарға діни білімді тек арнайы дінтанушы маманнан алу қажет екендігі  де айтылды. Діни әдебиеттерді таңдаған кезде арнайы рұқсат етілген кітапшаларды ғана пайдалану керектігі түсіндірілді.