М.Өтебаев атындағы жоғарғы жаңа технологиялар колледжінің студенттерімен кездесу

0
348

2019 жылдың 18 ақпан күні, М.Өтебаев атындағы жоғарғы жаңа технологиялар колледжінің студенттерімен «Діни экстремизм мен терроризмнің келіп шығу себептері және оның алдын алу жолдары» тақырыбы аясында кездесу өтті. 
Кездесуге Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің «Теологиялық әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету» бөлімінің басшысы Омарбаев Бектұрсын қатысты. 
Кездесуде «діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін діни сауаттылықпен қоса саяси сауатты болу да аса маңызды, себебі қазіргі таңда дінді саясатқа айналдырғысы келетіндер бар» деп айтып өтті. Сонымен қоса дінге байланысты сұрақ туындаса дұрыс ақпарат көздеріне жүгіну керектігі және теріс ағымдарға қарсы керемет имунитет болып табылатын ата салтымызды тереңірек түсіне білуіміз қажет екендігі айтылды. Кездесу барысында жат ағымдардың ерекшеліктері жайлы кеңінен мәліметтер беріліп, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді.