Оқушыларымен «Жастарды кереғар діни ағымдардың ықпалынан сақтау» тақырыбында кездесу өтті.

0
284

Шымкент қаласы, Абай ауданы, Жаңаталап тұрғын алабы, №81 жалпы орта мектеп оқушыларымен «Жастарды кереғар діни ағымдардың ықпалынан сақтау» тақырыбында кездесу өтті. Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы Заманханов Бауыржан жүргізді. Кездесу барысында қазіргі таңдағы еліміздегі діни ахуал, заңнамалық актілердегі өзгерістер мен толықтырулар, ғаламтордан келетін қауіп қандай, оны пайдаланудың тәртібі турасында сөз қозғалды. Қоғамда орын алып жатқан жағдайлар мен оқиғалар кеңінен түсіндіріліп, жастардың діни сергек, сауатты болу керек екені айтылды. Жастар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, тиісінше жауаптары берілді.