Оқушыларымен «Жастарды кереғар діни ағымдардың ықпалынан сақтау» тақырыбында кездесулер өтті.

0
238

2019 жылдың 26 ақпан күні, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, №36 Қазыбек би атындағы жалпы орта мектебі мен №2 «Білім-инновация» қыз балаларға арналған лицейінде жоғарғы сынып оқушыларымен «Жастарды кереғар діни ағымдардың ықпалынан сақтау» тақырыбында кездесу өтті. 
Кездесуге Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы Таутаев Қуаныш қатысты. 
Кездесу барысында қазіргі таңдағы еліміздегі діни ахуал, заңнамалық актілердегі өзгерістер мен толықтырулар, ғаламтордан келетін қауіп-қатерлердің зардабы, оны пайдаланудың тәртібі мен мәдениеті турасында сөз қозғалды. 
Қоғамда орын алып жатқан жағдайлар мен оқиғалар кеңінен түсіндіріліп, жастардың діни сергек, сауатты болу керек екені айтылды. Жастар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, тиісінше жауаптары берілді.