Дін және жастар мәселесі

0
237

«Ауыл» ХДПП Шымкент қаласы бойыша филиалының ұйымдастыруымен М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Дін және жастар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Партия өкілдері, теолог, дін саласының мамандары және оқу орнының студенттері имандылық, кері ағымдардың зардабы, ұлттық құндылықтардың маңызын талқыға салды. 
Партияның алға қойған мақсаттарының бірі – жастарды отансүйгіштікке, ұлтын сүюге, тәрбиелі және білімді ұрпақ болып қалыптасуына үлес қосу. Кездесуге Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы Заманханов Бауыржан қатысты. Студенттер кері ағымның қатері, әлеуметтік желілердің зияны жайында толғандырған сауалдарына жауап алды.