Жанардың Сирияда жүргеніне бес жылдан асқан

0
182

Сирияның Хасака провинциясындағы аль-Холь лагерінде тұрып жатқан 26 жастағы қазақ қызы Қазақстанға орала алмай жүр. Шетелдік ANHA ақпараттық агенттігіне сұқбат берген жерлесіміз ДАИШ содырларының құрамына қалай қосылғанын айтқан. Жанар бүгінде бес баланың анасы. Ол ДАИШ туралы ақпаратты интернет желісі арқылы көрген.

«Мен ДАИШ туралы ақпараттарды интернеттен көрдім. Олардың қатарына қосыламын деген шешім қабылдағаннан кейін, Түркияға аттандым. Түрік шекарасы арқылы Алеппо қаласына, кейіннен Раккаға келдім. ДАИШ халифатының заңына сай, қазақ жігітіне тұрмысқа шықтым. Біздің үш баламыз дүниеге келді. Менің күйеуім (QSD) Сирия Демократиялық Күштерімен соғыс барысында қаза тапты»,-дейді ол. Кейіннен Жанар Аш-Шадади қаласына көшіп, басқа бір жиһадшыға екінші рет тұрмысқа шығып, егіз бала дүниеге әкеледі. Аш-Шадади қаласы содырлардан азат болғаннан соң, ол ирактық Тель-Афарға көшеді, ол жерден ДАИШ жиһадшыларының соңғы сүйенері болған Аль-Багуз провинциясына барған. Ол әскерилер қатарындағы контробандистер арқылы елге қашуға әрекет жасаған. 

«Жалдамалы әскерлер бізді неке жиһады үшін саудаға салуға пайдаланды»,-дейді ол. Жанар соңғы күндері ДАИШ содырлары шетелдік әскерлердің қоршауын күшейткенін, сол арқылы өзі сияқтыларды басқа елдерге сатуға немесе өлтіруге әрекет жасап жатқандарын айтты. Басылым жерлесіміздің сұқбатын 22 ақпан күні жариялаған. Айта кететіні, ДАИШ содырларының қатарындағы шетелдік мыңдаған отбасы Сирия Демократиялы Күштері (QSD) гуманитарлық дәліз ашқаннан кейін, Аль-Холь лагеріне жете алды. Олардың көпшілігі ДАИШ қатарына қосылғандарына өкініштерін білдіруде.