«Халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбындағы қалалық семинар өтті.

0
151

Шымкент қаласының білім басқармасы Ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбындағы қалалық семинар өтті.
Кездесуге Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Асылбек Ноғаев қатысып, баяндама жасады. Өз сөзінде қазіргі таңда арамызда өздерінің теріс идеологиясын таратып жатқан түрлі теріс діни ағымдардан жастарды сақтандыруды мектеп қабырғасынан бастаған маңызды екенін айтып, өздерін қызықтыратын сан қилы сұрақтардың жауабын іздейтін жасөспірімдік кезең мектептен басталатындықтан, оқушының рухани сұранысына дер кезінде кәсіби мамандардың толыққанды жауап беруі келеңсіздіктің алдын-алуға сөзсіз жәрдемдесетінін айтты. 
Сондай-ақ, Шымкент қаласының №65 мектеп-гимназияның «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнің мұғалімі Жүнісова Ақжан баяндама жасады.
Кездесу барысында экстремистік идеологияның ықпалына бейім тұрғындардың проблемалық санаттары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік бірқатар ұсыныстар қаралды.