ИЧ-167/4,10 мекемелерінде семинар өтті

0
228

2019 жылдың 29 наурызында ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсанындағы №912 қаулысымен бекітілген «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың» 2017-2019 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша «Оңалту түрмесі» пилоттық жобасы аясында тиісті мекемелердің қатысуымен ИЧ-167/4,10 мекемелерінде семинар өтті. Бұл пилоттық жобаның негізгі мақсаты- түзеу мекемелерінен босатылатын сотталған азаматтарды бостандықтағы өмірге дайындау, яғни оның әлеуметтік байланыстарын қалыптастыру, жұмысқа орналасу мәселелерін шешу, әлеуметтік ортада мінез дағдыларын қайта қалпына келтіру, психологиялық және медициналық көмек көрсету, бостандықта тұрақтайтын мекен-жаймен қамтамасыз ету және бостандықта туындайтын келешекке арналған мәселелерді шешіп, әлеуметтік құқықтық көмектің кеңейтілген түрлері мен бастапқы босатылған сәттерінде қажетті көмек көрсету болып табылады.
Осы аталған іс-шараға Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының бас маманы М.Қалиева, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы И.Айтаев қатысып, баяндама жасады.