Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, діни қызметкерлермен кездесу шарасы өткізілді.

0
204
Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласының Орталық «Халифа әл-НахайанАқмешіті» мәжіліс залында 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, діни қызметкерлермен кездесу шарасы өткізілді.

Аталған іс-шараға ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы А.Шілманов, қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының дін істері бөлімінің басшысы Ғ.Байсариев, Шымкент қаласының Орталық мешітінің дінтанушы, найб имамы Қ.Ерғазиевжәне жалпы саны 30-дан астам жамағат қатысты.

Кездесу барысында дін істері бөлімінің басшысы Ғ.Байсариев келген қонақтарды көпшілікпен таныстырып, бүгінгі кездесудегі қозғалатын мәселенің яғни, сыбайлас жемқорлықтың қоғам арасында өзекті болып отырғандығы жөнінде және онымен жаппай бірлесе отырып күрес жүргізу қажеттігін атап өтті.

Сөз барысында Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы А.Шілманов: әрбір қоғам дамуының күнегей жағымен қатар көлеңкелі тұсы да бар, сондықтан дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту — әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып саналады.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» Заңының басты мақсаты – азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарын қорғау, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу болып табылады. Мемлекеттік тиісті органдар сыбайлас жемқорлықпен күресті жүйелі түрде жалғастырып, пәрменді шаралар көріп отырғаны белгілі. Олар туралы бұқаралық баспасөз бетінде, теледидар және радио арқылы қоғам мүшелеріне жеткізіліп отырады.Әлемнің көптеген елдері секілді, біздің  мемлекетіміз де сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оның тамырына балта шабуға бағытталған мақсатты жұмыстар жүргізіп келеді деп түсіндіріп өтті және аталған тақырыпта қатысушы азаматтарға кеңінен түсінік беріп, қойылған сұрақтарына жауап берді.

Кездесу барысында Ғ.Байсариев осы бағыттағы істелініп жатқан шаралар жөнінде келесі күні өтетін қала аумағындағы барлық мешіттердегі жұма намаз уақытында имамдар тарапынан келген жұртшылыққа ақпараттық түсіндірме ретінде айтып өтілуі жөнінде ұсыныс білдіріп, көпшілік тарапынан қолдау көрсетілді. Жиын соңында А.Шілманов алдағы уақыттарда діни қызметкерлер арасында ауқымды кездесулерді өткізу жоспарда бар екендігін атап өтіп, оның қалың жұртшылыққа тигізер пайдасы зор болатындығына сенімі молекендігін жеткізді.