Болашақ колледжі студенттерімен «Кереғар діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.

0
237

2019 жылдың 8 сәуір күні, Шымкент қаласы, Болашақ колледжі студенттерімен «Кереғар діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы Заманханов Бауыржан қатысты.
Кездесу барысында қазіргі таңдағы еліміздегі діни ахуал, заңнамалық актілердегі өзгерістер мен толықтырулар, ғаламтордан келетін қауіп-қатерлердің зардабы, оны пайдаланудың тәртібі мен мәдениеті турасында сөз қозғалды.
Қоғамда орын алып жатқан жағдайлар мен оқиғалар кеңінен түсіндіріліп, студенттердің назарына бейнеролик көрсетілді. Студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, тиісінше жауаптары берілді.