Шымкент полицейлері Сирияға кетпек болған өзбекстандық азаматты ұстады

0
194

Шымкентте полиция қызметкерлері Сирияға кетпек болған өзбекстандық азаматты тұтқындады. Өзбекстанның құзырлы органдары берген ақпаратқа сәйкес, ер адам Шымкент әуежайы арқылы арқылы транзитпен Сирия қақтығысы аймағына кіру және халықаралық террористік ұйымдар тарапынан жауынгерлік іс-қимылдарға қатысу үшін Түркияға шығуға ниет білдірген деп хабарлайды. Сирияға аттанбақ болған азаматты ұстау үшін арнайы операция ұйымдастырылды. Ол ІІМ-не қарасты экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті мен Өзбекстанның ІІМ терроризмге және экстремизмге қарсы күрес жөніндегі бас басқармасының өзара тығыз жұмыс істеуінің арқасында іске асырылды. «Қазақстандық полицейлердің жедел іс-шараларды өткізу кезінде көрсеткен кәсібилігі Өзбекстан ІІМ-нің әріптестерімен ІІМ-нің Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті басшылығының атына алғыс хат түрінде атап өтілді»-деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі: https://kaz.nur.kz/1787585-symkent-policejleri-siriaga-ketpek-bolgan-zbekstandyk-azamatty-stady.html