Жастардың рухани жаңғыруындағы дәстүрлі ислам құндылықтарының орны мен маңызы атты рухани танымдық кеш болып өтті

0
225

2019 жылдың 9 сәуір күні, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 2019 жылғы 1 және 20 сәуір аралығындағы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының шығуына арналған іс-шаралар жоспарына сай «Жастардың рухани жаңғыруындағы дәстүрлі ислам құндылықтарының орны мен маңызы» атты рухани танымдық кеш болып өтті.

Бұл кешке Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры міндетін атқарушы Асылбек Ноғаев қатысты. Жастарға рухани адамгершілік тәрбие беру басты назарда болуы тиіс. Жаңа жас буынның дүниетанымын қалыптастыру мен тәрбиелеуде ұлттық дәстүріміздегі адамгершілік пен ар-ұят ұстанымдарын бүгінгі заман талаптарына сай тиімді түрде қолдана алсақ, бұл ұлтжанды және иман жүзді ұрпақ қалыптастырудың негізі болады. Жастардың рухани әлемінің жағдайы жастар үшін ғана емес, бүкіл қоғам өмірі үшін де маңызды орын алады, өйткені жастар біздің болашағымыз. Жастардың рухани мәдениетін құраушылардың бірі құндылықтық бағдарлар болып табылады. Қорыта айтсақ, жастарымыздың бойында отансүйгіштік, ұлтжандылық, әдептілік, ибалылық, төзімділік сынды қасиеттерді арттырып, олардың жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды толыққанды түсініп, өмірлік жолдарында ұстануына септігін тигізуге әсер етуіміз керек деп мәнді де мазмұнды баяндама оқылып, танымдық ақпараттар берілді. Ортаға түрлі ой-пікірлер мен сұрақтар салынып, талқыланды.