№11 шығыс жекпе-жек түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде «Діни экстремизмге қарсы күрес» тақырыбында кездесу өтті

0
229

2019 жылдың 10 сәуір күні, Шымкент қаласының №11 шығыс жекпе-жек түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде «Діни экстремизмге қарсы күрес» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің мамандары Заманханов Бауыржан  мен Таутаев Қуаныш қатысты.
Кездесу барысында қазіргі таңдағы еліміздегі діни ахуал, заңнамалық актілердегі өзгерістер мен толықтырулар, ғаламтордан келетін қауіп-қатерлердің зардабы, оны пайдаланудың тәртібі мен мәдениеті турасында сөз қозғалды.
Қоғамда орын алып жатқан жағдайлар мен оқиғалар кеңінен түсіндірілді. Қойылған сұрақтарға тиісінше жауаптары берілді.