№131 жалпы орта мектеп оқушыларымен «Жастарды кереғар діни ағымдардың ықпалынан сақтау» тақырыбында кездесу өтті

0
375

Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Бозарық тұрғын алабы, №131 жалпы орта мектеп оқушыларымен «Жастарды кереғар діни ағымдардың ықпалынан сақтау» тақырыбында кездесу өтті. Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы Рысбеков Кенжебек жүргізді. Кездесу барысында қазіргі таңдағы еліміздегі діни ахуал, заңнамалық актілердегі өзгерістер мен толықтырулар, ғаламтордан келетін қауіп қандай, оны пайдаланудың тәртібі турасында сөз қозғалды. Қоғамда орын алып жатқан жағдайлар мен оқиғалар кеңінен түсіндіріліп, жастардың діни сергек, сауатты болу керек екені айтылды. Оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, тиісінше жауаптары берілді.