ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «JASTAR JANE RYHANIAT» аймақтық форум өтті

0
328

2019 жылдың 16 сәуір күні, Шымкент қаласы, Аймақтық әлеуметтік иновациялық университетінің акт залында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «JASTAR JANE RYHANIAT» аймақтық форум өтті.

Форумнын мақсаты: мемлекеттің дін саласындағы саясатын іске асыру, имамдар арасында зайырлылық қағидаттарын ілгерілету, жастардың діни сауттылығын арттыру мәселесін талқылау, имамдардың жастармен жұмыс істеу тәжірибесін арттыру, сондай-ақ жас ұрпақты әлеуметтендірудің сауатты бағыттарын табу бойынша мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер талқыланды. 

Форумға ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсесінің басшысы, найб мүфти  PhD докторы Алау Әділбаев,  Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті университетінің Ректоры, профессор, доктор Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид Мухаммад ал-Жинди,  Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті университетінің проректоры, исламтанушы Қайрат Құрманбаев өз баяандамаларын қатысушыларға жоғары деңгейде жеткізді.

Сонымен қатар Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры міндетін атқарушы Асылбек Ноғаев қатысып «Дін мен дәстүрдің сабақтастығы» атты тақырыбында баяандама жасады.

Осы форумға ҚМДБ башылығы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облысының өкіл имамдары, АИУ ұстаздары мен студенттері, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының шәкірттері, БАҚ өкілдері қатысты.