Шымкент қаласы бойынша дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және діни экстремизм мен терроризмді алдын алу шараларын жетілдіру мақсатында семинар-кеңес өткізілді

0
479

Шымкент қаласы бойынша дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және діни экстремизм мен терроризмді алдын алу шараларын жетілдіру мақсатында құзырлы мекемелер мен ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылғы 16 сәуір күні «Отырар» кітапханасының мәжіліс залында аумақтық семинар-кеңес өткізілді.

Мақсаты: Дін саласы бойынша ақпараттық-түсіндірмелік топ (АТТ) мүшелерінің кәсіпқойлығын арттыружәне осы саладағы бұқаралық ақпарат құралдардың рөлін белгілеу, оның өзектілігін талқылау болып табылады.
Семинар 3 бағытта өткізілукөзделген;
Түркістан облысы қала, аудан әкімдіктерінің дін саласына жауапты өкілдерімен Шымкент қаласының аудан әкімдіктері бойынша дін саласына жауапты қызметкерлерімен кездесу;
Шымкент қаласындағы діни тұрақтылықты сақтау мақсатында   БАҚ-да, әлеуметтік желілерде, ақпараттық порталдарда және сайттарда шұғыл оң пікір қалыптастыратын спикерлермен кездесу;
Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы «ДМЗО» КММ-нің теолог мамандарымен кездесу;

Аталған іс-шараға ҚР Терроризмге қарсы орталығының өкілдері Мыңбаев Сәкен Сәрсенбайұлы, Жақсыбай Алмас Бауыржанұлы,Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының орынбасары Бектаева Жанар Әлібекқызы, Түркістан облысы және Шымкент қаласының терроризмге қарсы комиссия хатшылары, Дін саласын тұрақтандыруда қарсы насихаттау жұмыстарына тартылатын журналистер қатысты.

Қамтылатын адамдар саны – 60.
Қосымша ақпаратты  Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы арқылы алуға болады. 
Байланыс тел:  24-74-50, 24-74-81