Діни экстремизм, терроризм және суицид атты тақырыбында жалпы кездесу өтті

0
315

2019 жылдың 16 мамыр күні Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы «Шымкент қаласы №18 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер» спорт мектеп оқушылармен «Діни экстремизм, терроризм және суицид» атты тақырыбында жалпы кездесу өтті.
Кездесуге Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Айтаев Икрам қатысты.  
Сұхбат барысында қоғамда азаматтар әлеуметтік желілерді дұрыс пайдаланбай әртүрлі кереғар діни ағымдардың шырмауына түсіп қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатқаны белгілі. Діни сергек болу үшін діни танымдық ақпараттар берілді. Өйткені теріс діни ағымдарға тосқауыл қою жолында діни сауаттылықты арттыру мен әлеуметтік мәселелер бойынша қамсыздандыру төңірегіндегі мәліметтерді білу жастар үшін өзекті.