Оқушыларымен «Болашақтың буыны жастар» тақырыбында кездесу өтті

0
211

2019 жылдың 17 мамыр күні Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен М.Маметова атындағы №35 жалпы орта мектебінің оқушыларымен Рухани жаңғыру: «Ұлттық бірігейлікті сақтау» іс-шаралар жобасында «Болашақтың буыны жастар» тақырыбында кездесу өтті. Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің мамандары Кундебай Нұржан мен Шахобов Садин жүргізді.
Кездесу барысында қазіргі таңдағы еліміздегі діни ахуал, заңнамалық актілердегі өзгерістер мен толықтырулар, ғаламтордан келетін қауіп қандай, оны пайдаланудың тәртібі турасында сөз қозғалды. Қоғамда орын алып жатқан жағдайлар мен оқиғалар кеңінен түсіндіріліп, жастардың діни сергек, сауатты болу керек екені айтылды. Оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, тиісінше жауаптары берілді.