Студент жастармен діни экстремизмнің алдын алу бағыттары бойынша ақпараттық-танымдық кездесу болып өтті

0
246

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының №1 жатақханасында студент жастармен діни экстремизмнің алдын алу бағыттары бойынша ақпараттық-танымдық кездесу болып өтті. Аталған іс-шараға Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Б.Заманханов пен дінтанушы маман Т.Байманова қатысты.
Кездесу барысында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңы, Қылмыстық кодекстің экстремизм және терроризмге қатысты баптары, «2018-2022 жылдарға арналған экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бағдарламасы», «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы» кеңінен түсіндірілді.
Студент жастарға елімізде тыйым салынған деструктивті діни ұйымдар туралы ақпарат беріліп, қазіргі таңда діни сергек, сауатты болу керек екені, ғаламтордан келетін қауіп-қатер жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу соңында студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, тиісінше толыққанды жауаптары берілді.