Шымкент медресе колледжі ұстаздары және шәкірттерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудағы руханилық және адамгершілік» тақырыбында іс-шара өткізілді

0
277

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы, Шымкент медресе колледжі ұстаздары және шәкірттерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудағы руханилық және адамгершілік» тақырыбында іс-шара өткізілді.


Аталған іс-шараға ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы А.Шілманов, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы И.Айтаев, Шымкент қаласы Орталық мешітінің найб имамы М.Естемір және медресе колледж директоры Т.Әсембек қатысты.
Кездесу барысында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы И.Айтаев келген қонақтарды көпшілікпен таныстырып, бүгінгі кездесудегі қозғалатын мәселенің яғни, сыбайлас жемқорлықтың қоғам арасында өзекті болып отырғандығы жөнінде және онымен жаппай бірлесе отырып күрес жүргізу қажеттігін атап өтті.
Кездесу барысында Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы А.Шілманов: әрбір қоғам дамуының күнегей жағымен қатар көлеңкелі тұсы да бар, сондықтан дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту — әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып саналады.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» Заңының басты мақсаты – азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарын қорғау, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу болып табылады. Мемлекеттік тиісті органдар сыбайлас жемқорлықпен күресті жүйелі түрде жалғастырып, пәрменді шаралар көріп отырғаны белгілі. Олар туралы бұқаралық баспасөз бетінде, теледидар және радио арқылы қоғам мүшелеріне жеткізіліп отырады.Әлемнің көптеген елдері секілді, біздің  мемлекетіміз де сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оның тамырына балта шабуға бағытталған мақсатты жұмыстар жүргізіп келеді деп түсіндіріп өтті және аталған тақырыпта қатысушы азаматтарға кеңінен түсінік беріп, қойылған сұрақтарына жауап берді.