Студенттермен кездесу

0
126

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Б.Заманханов пен бөлім маманы Н.Кундебайдың қатысуымен қала аумағында орналасқан №6 колледж студенттерімен дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру мақсатында семинар жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында студент жастарға елімізде тыйым салынған деструктивті діни ұйымдар туралы ақпарат беріліп, қазіргі таңда діни сергек, сауатты болу керек екені, ғаламтордан келетін қауіп-қатер жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу соңында студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, тиісінше толыққанды жауаптары берілді.