Мұнай өңдеу зауытының Күзет қызметкерлерімен ақпараттық түсіндіру жұмыстары өткізілді

0
142

Шымкент қаласы ҚазМұнайГаз АҚ, мұнай өңдеу зауытының Күзет қызметкерлерімен ақпараттық түсіндіру жұмыстары өткізілді. Кездесуге Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің  бөлім басшысы Б.Заманханов пен дінтанушы маман А.Мейірбек қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты қызметкерлерге діни экстремизмнің алдын алу, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру.
Кездесу барысында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңы, Қылмыстық кодекстің экстремизм және терроризмге қатысты баптары, «2018-2022 жылдарға арналған экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бағдарламасы», «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы» кеңінен түсіндірілді. Елімізде соттың шешімімен тыйым салынған кереғар діни ұйымдар мен қозғалыстардың белгілеріне қатысты сөз қозғалды. Кездесу соңында қойылған сұрақтар жоғары деңгейде қанағаттандырылды.