Жас мамандар біліктілігін арттыру мақсатында семинар өтті

0
194

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің қызметкерлеріне жас мамандар біліктілігін арттыру мақсатында семинар өтті.
Осындай дәстүрлі шараны «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры міндетін атқарушы Д.Оспанов өз бастамасымен жас мамандарға қазіргі таңда арамызда өздерінің теріс идеологиясын таратып жатқан түрлі теріс діни ағымдардан жастарды сақтандыру және рухани сұранысына дер кезінде кәсіби мамандардың толыққанды жауап беруі келеңсіздіктің алдын-алуға сөзсіз жәрдемдесетінін айтты.

Сондай-ақ «Салафилік ұстанымның қоғамға тигізер зардаптары», «Әйел жамағатына оңалту жұмыстарын жүргізу әдістері», «Христиандық бағыттарының діни сеніміндегі айырмашылықтары» тақырыптар аясында діни сауаттылықпен қоса саяси сауатты болу да аса маңызды, себебі қазіргі таңда дінді саясатқа айналдырғысы келетіндер бар. Сонымен қоса дінге байланысты сұрақ туындаса дұрыс ақпарат көздеріне жүгіну керектігі және теріс ағымдарға қарсы керемет имунитет болып табылатын ата салтымызды тереңірек түсіне білуіміз қажет екендігі айтылды.