Жас ұлан мектебінің сынып жетекшілері мен жеке құрамы арасына кездесу өтті

0
72

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы С. Шахобовтың  қатысуымен 2019 жылғы  шілде айының 18 күні  қала аумағында орналасқан  ҚР ҚМ Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рақымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің сынып жетекшілері мен жеке құрамы арасына дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру мақсатында «Қазақстан Республикасының діни қызметі және діни бірлестіктер туралы заңы» тақырыбында дін саласы бойынша семинар  жұмыстары  жүргізілді.

Кездесу барысында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңы, Қылмыстық кодекстің экстремизм және терроризмге қатысты баптары, «2018-2022 жылдарға арналған экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бағдарламасы», «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы» кеңінен түсіндірілді. Елімізде соттың шешімімен тыйым салынған кереғар діни ұйымдар мен қозғалыстардың белгілеріне қатысты сөз қозғалды. Кездесу соңында қойылған сұрақтар жоғары деңгейде қанағаттандырылды.