Жас мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында семинар өтті

0
127

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің жас мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында семинар өтті. 
Осындай дәстүрлі шараны «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директорының орынбасары А.Атымтаева қазіргі таңда арамызда теріс идеологияны таратып жатқан діни ағымдардан жастарды сақтандыру сұранысына дер кезінде кәсіби мамандардың толыққанды жауап беруге, келеңсіздіктің алдын алуға сөзсіз жәрдемдесетінін айтты.

Біліктілікті арттыруға бағытталған бұл іс-шара «Әйел жамағатының агрессивті мінездерін талдау», «Қазақ ойшылдарының дәстүрлі діни дүниетанымы» тақырыптарында өтті. Дінтанушы маман Аян Мейірбек өз сөзінде: Қазақ ойшылдарының діни дүниетанымы Құран Кәрім, хадис-шәріп, шариғат секілді исламның қайнар көздерiден бастау алып, дәстүрлі ислам арнасында қалыптасты. Жергілікті  мұсылман жамағатының басым бөлігі діни ұстанымы мен көзқарастарында ақидада  Матуридилік ілімді, фыкхта Ханафилік мазхабты басшылыққа алады. Құлшылық-ғибадаттарында ата-баба жолын ұстанатындықтан, оларды «дәстүрлі мұсылмандық сенімдегілер» деп атау әдетке айналған деп қорытындылады. Жалпы семинар соңында түрлі пікірлер мен сұрақ жауаптар қызу талқыға түсті.