Шымкент қаласында АТТ мүшелеріне арналған курс жұмысы аяқталды

0
149

Шымкент қаласында ұйымдастырылған ақпараттық-түсіндіру топтарының түрлі деңгейдегі мүшелерін оқыту курсы аяқталды. Курсты ұйымдастырған «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы соңғы күні оқу бағдарламасын толық меңгерген АТТ мүшелеріне аттестациялау жүргізіп, нәтижесінде сертификаттар мен арнайы куәліктер табыстады. Ұйымдастырылған 4 күндік курсқа Шымкент және Түркістан облыстарының дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері қатысты.

Қатысушыларға «Нұр-Мүбәрәк» Египет Ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Асқар Сабдин, сарапшы-дінтанушы, «КАZISLAM» ақпараттық-ағартушылық порталының редакторы Тұрар Әбуов, Павлодар облысының дінаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры Гүлназ Раздықова, «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» бөлім басшысы Аханов Жарас, философия магистрі Ольга Гайко, «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығының директоры Индира Қилымбекқызы дәріс өткізді.