Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры қызметкерлерімен кездесу өтті

0
119

Шымкент қаласы ішкі саясат жəне дін істері басқармасы «Дін мəселелерін зерттеу орталығы» КММ мамандарының  қатысуымен қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесуге ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің басшысы Бауыржан Заманханов пен бөлім маманы Бағжан Елтай қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты қызметкерлерге діни экстремизмнің алдын алу, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру. ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы, Қылмыстық кодекстегі экстремизм және терроризмге қатысты баптарына, елімізде соттың шешімімен тыйым салынған кереғар діни ұйымдар мен қозғалыстардың белгілеріне қатысты сөз қозғалып экстремистік ұйымдардың тізімдері мен      іс-əрекеттері айтылып, жəне олардан сақтану мəселелеріне тоқталып өтті. Кездесу соңында қойылған сұрақтар жоғары деңгейде қанағаттандырылды.