Жастарды кереғар діни ағымдардың ықпалынан сақтау тақырыбында кездесу өтті

0
56

Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, №69 жалпы орта мектебінде жоғарғы сынып оқушыларымен «Жастарды кереғар діни ағымдардың ықпалынан сақтау» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы Тойшиев Нұртаза қатысты.
Кездесу барысында діни сауатының кемшілігінен кейбір жастардың қазір әр түрлі теріс ағымдардың шырмауына түсіп, күңгірт келешекке қадам басуы – қоғамдық мәселеге айналған ащы шындық. Жастардың діни сауаттылығын жетілдіру арқылы оларды теріс діни ағымдардың арбауынан, ал қоғамды діни алауыздықтан, діни экстремизмнен арашалауға болады. Жан-жақты дамыған, діни сауаты жеткілікті жастар сонда ғана ертеңгі қауіпсіз қоғамның кепілі болмақ. Өйткені теріс діни ағымдарға тосқауыл қою жолында діни сауаттылықты арттыру мен әлеуметтік мәселелер бойынша қамсыздандыру төңірегіндегі ақпараттарды білу жастар үшін өзекті екені айтылды. Оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, тиісінше жауаптары берілді.