Суицид — қоғамдық-психологиялық мәселе

0
67

 «Өзіне-өзі қол жұмсайтын адам
өлімнен қорықпайды, өмір сүруден қорқады»
В.Франкл.

Суицид» тақырыбы біздің бүкіл өмірімізге бойлай еніп, өзінің көкейтестілігін жоғалтпай, қайта жас ерекшелігіне қарай оның маңыздылығы күн өткен сайын арта түсуде. «Суицид» латын тілінен аударғанда «sui- өзін-өзі, cadere — өлтіру» деген мағынаны білдіреді. Тағы бір синонимік мағынасы-қасақана өз өмірін қию. Суицид тек адамға ғана тән қасиет. Өзіне-өзі қол жұмсайтын адамдар көбінесе психикалық аурумен ауыратын, стрессте жүретін, өзін-өзі басқара алмайтын адамдар болып келеді. Сондай-ақ, өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасы дамуы қалыпты адамдарың да (психопатологиясыз) өмірінде жиі орын алады. Оларға көбінесе көңіл-күйдің бұзылуы, өмірден түңілу, болашаққа үмітсіз қарау, өзіне назар аударту, қорқыныш сияқты қасиеттер тән. Олар – ауру емес, бірақ жан жүниесі жараланған жандар. Мұндай адам әртүрлі жағымсыз сезімдерді сезініп, зарығып, әлсіздік танытады, туындаған қиындық алдында шарасыз болады. Не істеу қажеттілігін білмейді, мәселені шешудің жолын іздеп, «өлімді» таңдайды. Өз өмірін қиюға бағытталған саналы ерікті түрдегі әрекет қазіргі таңда бүкіл жаһандық қоғамдық мәселеге айналып отыр. «Жалпы, жас болсын, кәрі болсын, адам баласы өз-өзіне қол жұмсауы — үлкен қате.
Еуропалық елдерде өзіне-өзі қол жұмсау адам өлтіруге қарағанда шамамен үш есе асып түседі. Өзіне-өзі қол жұмсау мінез-құлқы ішкі және сыртқы түрде көрініс табады. Қоршаған ортаға деген жалпы көзқарасын өзгертуге, өмірге құштарлығын арттыруға үлкен әсерін тигізеді және бұл мәліметті психолог маманмен бөліседі. Ал, психолог адамның  жан дүниесіне терең талдау жасай отырып тікелей ықпал ете алады. А.Г.Амбрумова өз ойын былай білдіреді: «Өзіне-өзі қол жұмсау- шынайы суицид, сондай-ақ өзін-өзі өлтіруге әрекет- аяқталмаған суицид». Ал, А.Е.Личконың пікірі бойынша суицидалдық мінез-құлық адамдарда  демонстративті, аффекті және шынайы болып келеді. А.Е.Личконың көрсеткеніндей, адамдардың тек 10 пайызы ғана шынайы өмірден кеткісі келетін ниет білдірсе, ал 90 пайызы көмекке шақырған жанайқай мақсатын көздейді. Барлық адамдарға зерттеу жүргізген А.Е.Личко мен А.А.Александров  суицидінің негізгі себебі: депрессия (жан күйзелісі) екенін анықтаған. Сондай-ақ, адамдар депрессиясының белгілеріне әрбір ұсақ-түйекке мән берушілік, іш пысу мен шаршағандық сезімдері, айтылғанды тыңдамаушылық және жанжал шығаруға іштей дайын тұрушылық белгілері жататынын атап көрсеткен.  Өзіне-өзі қол жұмсаудың себептері сан алуан болуы мүмкін, бірақ, суицидке баратын адамдардың бойындағы өзгерістер бір-біріне ұқсас келеді.  Потенциалды суицидтерде өзін-өзі кінәлау сезімі жоғары болады. Егер, көмектесуші суицид туралы жаман «аморалды» сөздер айтатын болса, ол тек бұл жағдайды талқылаудан емес, одан әрі депрессияға кіріп кетуі мүмкін. Осы орайда үнемі есте сақтайтын жайт – суицидент үшін өзін-өзі жою теологиялық жағдай болмайды, көңіл-күйінің стрессі болып табылады. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша: суицидтік оқиғалардың «Сәуір- ең қатыгез ай»  болып келеді. Бұл күз және көктем айларында адам бойындағы өзгерістерге ерекше мән беру қажеттілігін көрсетеді.
Шариғатта өз-өзіне  қол жұмсаған адамдардың  жаназасын  (фәтуа бойынша) әкімдер, патшалар, имамдар емес, қатардағы намазхан адамдар шығарады. Себебі, халыққа бұл жеккөрінішті амал екені көріну керек. Әбу ханифа мұны үлкен күнә деп есептеп, жаназасын шығарады. Имамның айтуынша, өз-өзіне қол жұмсағандардың бөлек жерленетінін көріп, өз-өзіне қол салу туралы ойынан бас тартқандар да болыпты. Мұндағы басты мақсат: суицидтің алдын алу, адамдардың шалыс басуына жол бермеу.

Өзіне-өзі қол жұмсауға бейім адамдарға  көрсетілетін әлеуметтік-психологиялық көмектер төмендегі факторларды түзетіп-дамытуға бағытталады:
Адамның  өзіне деген бағасын жоғарылату;
Адамның  өзіне деген сенімін туғызу және нығайту;
Эмпатия сезімін қалыптастыру;
Ішкі жан күйзелісі мен дағдарысты жеңуге үйрету;
Суицидтік мінездің түрін анықтау;
Адамның өміріндегі қиындықтарды шешу жолдарын көрсетіп, болашаққа үмітін ояту;
Жақындарымен  әңгімелесу, кеңестер беру;
Психологиялық бақылау картасын жасап, адам бойындағы өзгерістерді күн сайын тіркеуге алу;
Қоғаммен байланыс орнатуға итермелеу;
өзіне деген сенімін арттырып, жетістікке қол жеткізу үшін мүмкіндіктер туғызу:

Суицидтік ойдың туу себептерін анықтау, кім немесе қандай жағдай әсер етті?
А) «Өмірде» сіздің қандай міндеттеріңіз бар?
Ә) «Өмірде» сіздің қандай мақсаттарыңыз бар?
Б) Мақсаттарыңызға қалай жетесіздер?
В) Сіз өз күшіңізге сенесіз бе, әлде, ата-анаңызға сенесіз бе?

Психологиялық кеңес жұмысын қорытындылау.
«Өмір»-дің қарапайым 3-заңымен таныстыру:
А) Күн сайын таңертең аман-есен оянғаныңа қуана біл!
Ә) Қандай қиындық кездессе де саған көмектесетін адам бар екенін біл, олар сенің жаныңда, тек оларды көре білсең болғаны.
Б) Түннен кейін таң ататындығын ұмытпаңыз!
«Өмір – бақыт, сен өмірге дені сау адам болып келгенің үшін бақыттысың!».

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»
КММ-нің маманы Назира Бидайбекова