Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапхансында кездесу өтті

0
49

2019 жыл қыркүйек айының 13 жұлдызы күні Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапхансында » Діни экстремизмге жол бермеу-баршамыздың міндетіміз» атты іс-шара өтті.
Кездесуге шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы дінтанушы И.Айтаев маман Н.Тойшиев қатысты.
Кездесу барысында экстремизмнің салдары мен кереғар діни ағымдардың іс-әрекеттерінен сақтану мәселелері айтылды. Тыйым салынған діни ұйымдардың белгілеріне тоқталып, сөз соңына діни сергек болуға шақырды. Сұрақтар толығымен қамтылды. Кездесу өз деңгейінде өтті.