Шымкент қаласы 6506 әскери бөлімінде кездесу өтті

0
94

2019 жылдың 17 қыркүйек күні Шымкент қаласы 6506 әскери бөлімінде кездесу өтті.
Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын Шымкент қаласы ішкі саясат жəне дін істері басқармасы » Дін мəселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Бектұрсын Омарбаев қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты қызметкерлерге діни экстремизмнің алдын алу, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру. ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы, Қылмыстық кодекстегі экстремизм және терроризмге қатысты баптары, «2018-2022 жылдарға арналған экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бағдарламасына» тоқталып өтті. Елімізде соттың шешімімен тыйым салынған кереғар діни ұйымдар мен қозғалыстардың белгілеріне қатысты сөз қозғалып экстремистік ұйымдардың тізімдері мен іс-əрекеттері айтылып жəне олардан сақтану мəселелеріне тоқталып өтті. Басшылық тарапынан алғыс хатпен марапатталып, қойылған сұрақтар қанағаттандырылды.