Шымкент медресе колледжінің қыздар бөлімінің ұстаз, шәкірттерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудағы руханилық және адамгершілік» тақырыбында іс-шара өткізілді

0
76

Аталған іс-шараға ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент қызметкері, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы И.Айтаев қатысты.
Кездесу барысында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы И.Айтаев өз сөзінде бүгінгі кездесудегі қозғалатын мәселенің яғни, сыбайлас жемқорлықтың қоғам арасында өзекті болып отырғандығы жөнінде және онымен жаппай бірлесе отырып күрес жүргізу қажеттігін атап өтті.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» Заңының басты мақсаты – азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарын қорғау, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу болып табылады. Мемлекеттік тиісті органдар сыбайлас жемқорлықпен күресті жүйелі түрде жалғастырып, пәрменді шаралар көріп отырғаны белгілі. Олар туралы бұқаралық баспасөз бетінде, теледидар және радио арқылы қоғам мүшелеріне жеткізіліп отырады. Әлемнің көптеген елдері секілді, біздің  мемлекетіміз де сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оның тамырына балта шабуға бағытталған мақсатты жұмыстар жүргізіп келеді деп түсіндіріп өтті және аталған тақырыпта қатысушы азаматшаларға кеңінен түсінік беріп, қойылған сұрақтарына жауап берді.