Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінде кездесу өтті

0
85

Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің студенттерімен ұстаздар арасында«Діни экстремизм мен терроризмнің келіп шығу себептері және оның алдын алу жолдары» тақырыбы аясында кездесу өтті. 
Кездесуге Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің мамандары Ұлан Шегирбаевпен Исатай Ақжолұлы қатысты. 
Кездесуде «діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін діни сауаттылықпен қоса саяси сауатты болу да аса маңызды, себебі қазіргі таңда дінді саясатқа айналдырғысы келетіндер бар» деп айтып өтті. Сонымен қоса дінге байланысты сұрақ туындаса дұрыс ақпарат көздеріне жүгіну керектігі және теріс ағымдарға қарсы керемет имунитет болып табылатын ата салтымызды тереңірек түсіне білуіміз қажет екендігі айтылды. Кездесу барысында жат ағымдардың ерекшеліктері жайлы кеңінен мәліметтер беріліп, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді.