Діни ағымдарға қарсы тұрудың жолы – дәстүрімізді білу

0
358

Әлемдік және дәстүрлі діндердің қайсы бірін алып қарасақта, барлығы жақсылық пен бейбітшілікті насихаттауға, адамгершілікке тәрбиелеуге негізделген. Оның ішінде Ислам дініндегі құндылықтар адам бойынан тек жақсы қасиеттерді қалыптастырып, сабырлыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Ислам сөзінің терминдік мағынасы бейбітшілік дегенді білдіреді. Халқымыздың тарихына үңіліп қарайтын болсақ, әу бастан ата бабамыз дінді ұстанған. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен руханияты,   өмірлік ұстанымдары мен салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары Ислам дінінің құндылқтарымен сабақтаса қалыптасқан.
Қазіргі таңда дін атын жамылған, қоғам арасын, халықты арандатушылыққа, отбасында кикілжің шығарып жүрген түрлі керағар діни ағымдар белең алуда. Кереғар діни ағым өкілдері қазақ халқымен жасасып каеле жатқан мерекелерге, онымен қоса өзге де діндердің мерекелеріне төзімсіздік танытып, тіпті, ертеден бастау алған Наурыз мейрамын да тойлауды дұрыс көрмейді. Осындай теріс пиғылдағы жат діни ағымдардың жетегінде жастарымыздың кетуі – бүгінгі қоғамымыздың басты дерттерінің бірі. Оның басты себебі: дәстүрлі діні, мәдениеті, тарихы және салт дәстүрлері жайлы жеткілікті білімдерінің болмауы. Мұндай керағар ағымдардың идеологиясына қарсы тұра білу үшін жастарымыздың бойына қазақ халқының ежелден қалыптасқан ата баба дінімізді салт дәстүрімізді санасына сіңіре отыра тәрбиелеуіміз керек.  Себебі Ислам діні біздің  ұлтымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпында өзіндік із қалдырған. Мысалы: сүндеттеу, неке қию, Құрбан айт пен Ораза айт, садақа беру, пітір беру, бата беру, тасаттық жасау діни жоралғыларыдың өміршеңдігін көрсетеді. А. Сейдімбек мәдениетіміздегі Ислам дінінің орны туралы былай дейді: «Ислам діні тек қана наным-сенім аясымен шектелмей, сол діндегі елдердің өмір салтына, моральдық-этикалық нормаларына, мәдени-рухани үрдістеріне, дәстүріне айналып отыр».
Елбасымыз Қазақстан халқына аранған Жолдауында: «Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды», — деп ұлттық құндылықтардың орнын айрықша атап өтті. Ата-бабамыздан аманат болып жеткен сол дәстүрлердің бір парасы сан ғасырлардан бері ұласып келе жатқан ұғым-ұстанымдар болса, ал басым бөлігі асыл діннің әсерінен пайда болған дағдылар. Расында да белгілі бір қауымның қалыптасуы үшін алдымен ортақ тілі мен діні, тарихы мен салт-дәстүрі, Отаны болуы тиіс.

Тастанбек Сәбит
«Шымкент келбеті» газетінің тілшісі