Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Нұрашұлы Шымкент қаласында

0
369

Бүгін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Нұрашұлы Шымкент қаласындағы іс-сапар барысында мегаполистің діни ахуалымен танысты. Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Мади Беспаев, ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бейсенбаев Бақтыбаймен кездесіп, қаламыздағы діни аxуалмен, алға қойылған жоспарлар мен атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.