«Зайырлылық таным және кереғар діни ағымдар» тақырыбында семинары өтті

0
12

2019 жылғы 29 қазан күні Шымкент қаласы, Политехникалық колледжі залында Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Дінтану және зайырлылық негіздері» пәні мұғалімдерінің қатысуымен «Зайырлылық таным және кереғар діни ағымдар»  тақырыбында семинары өтті. Жиынға Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Мәди Бесбаев, елімізге белгілі теология және философия ғылымдарының докторы профессоры, Қ.А. Иассауи ғылыми зерттеу орталығының директоры  Досай Кенжетай өткізді. Семинар соңында  қатысушыларға сертификаттар табысталып қорытындылаған Мәди Әбзелбекұлы қалың ел мемлекет қызметкерлері мен ұстаздарды үлкен үміт күтіп отырғанын жеткізіп, құстың қос қанатындай бірге жұмыс жасап, бейбіт елдің келешегі үшін қызмет етуге шақырды.