Ақпаратты дұрыс дерек көздерден пайдаланайық

0
164

Бүгінгі ғылым мен технологияның дамыған заманында баршамызға ақпарат тарату құралдарының кең тараған түрі – ғаламтор желілері. Мұның пайдалану үрдістері де әртүрлі. Өйткені, бүгінгі жастардың санасы мен психологиясы тұрмыс-тіршілігі ғаламтор әлемімен тығыз байланысты екені белгілі. Күн өткен сайын адамдар осы бір рухани дертке тәуелді болып барады. Осы ұғымы XX ғасырдың аяғында пайда болса да жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Осынау жылдар ішінде біз ғаламтордан көптеген мағлұматтар алдық. Ғаламторды ашқан ғалымдар да, ел тарихында елеулі із қалдырған ірі тұлғаларда  болды.   Осы орайда, жат ағымдардың интернет желілерін пайдалану тәсілдеріне тоқталғанымыз жөн. Күнделікті тұрмыста тепсе темір үзетін жастарымыз жаңа заман технологиясын жаппай пайдалануда. Бүгінгі жастар  интернет әлеміне емін-еркін кіреді, жеке аккаунттарын ашып, кез келген ақпаратқа қол жеткізе алады. Міне, осы кезде діни сауаты, таным-түсінігі қалыптасып үлгермеген буынның  теріс пиғылды топтардың тұзағына түсіп қалуы да оп-оңай. Ғаламтордағы терроризмге үндейтін ақпарат көздерінің салдарынан өзге мемлекеттен ілім іздеп, жалған ғалымдардың жат уағызына уланған «ахилар» мен «ухтилардан», «брат», «сестралардан» жасақталған топтан қанша жас жапа шегіп, кейінгі буынның дәстүрімізден, тарихымыздан, ділімізден безінуі алаңдатады.
Алайда екінші жағынан кейбір жатпиғылды діни ағым өкілдері құран аяттарын теріс бұрмалап жиһадқа үндеуде. Олар ғаламтордағы түрлі байланыс желілері арқылы, санасы қалыптаспаған жастарға дәл осы ғаламтор арбауына сан алуан кітаптары арқылы тіпті, соның ішінде әлеуметтік желілерде көбінесе «Facebook», «Вконтакте», «Одноклассники» т.б. осы тектес желілерді жүзеге асырылуда. Олар ғаламтор кеңістігін тиімді пайдалана отырып, жалған ұрандарымен дінді бұрмалап, жастарға ықпал етудің түрлі жолдарын жасайды. Сондықтан шынайы діннің мазмұнын түсініп үлгермеген жастар қауымы ғаламторды «кезіп» жүріп ұрынып қалуы мүмкін. Мұндай жалған ақпараттарға ұрынбау үшін ішкі сүзгіден өткізетін рухани, мәдени сананы қалыптастыруымыз қажет. Ол үшін әрине сұрауды, ізденуді салыстыруды және кітап оқуды тоқтатпағанымыз жөн. 
Сөзімізді қорыта келе, егер сіз, ғаламтордан діни сайттарды кездестірсеңіз, онда ол сайттың сенімділігіне көз жеткізіңіз. Оқылған ақпараттарды бірден көңілге тоқымаңыз. Ғаламторды қолданғанда келтірілген мәліметке бірден сене салуға болмайды. Сіз немесе сіздің балаңыз ғаламторда ұзақ отыру арқылы отбасы мен достарына аз көңіл бөліп, маңызды істерге немқұрайлы қарай бастауы мүмкін. Ендеше, ғаламторды шектен тыс қолданып, оған тәуелді болып кетуден абай болайық.

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»
КММ-нің маманы Таутаев Қуаныш