Сияние надежды: Сириядан келгендерге сенуге бола ма?

0
58

“UMID” / «Сияние надежды» / — бұл мобильді интерактивті деректі фильм. Осы жоба арқылы танымал қазақстандық тележүргізуші журналист Дина Төлепбергеннің командасы Сирияға кетіп отанына оралған қыздың шынайы өмірін көрсеткілері келді. Қазір бас кейіпкер өз елінде сот үкімін күтіп отыр. Қоғамда осындай адамдарға қатысты қызу пікірталас орын алуда. Бірі сатқын санап оларды кері қайтаруға қыруар қаржы мен бар күшін салып жатқан мемлекетті сынаса, енді бірі оларды құрбан санап, өмірлерін тереңірек зерттеуге ұмтылуда. Ал, жоба авторлары болса, олар шынымен қалыпты өмірге бейімделіп кете ме, бізге және біздің балаларымызға идеологиялық қауіп төндірмей ме,-деген сауалдың жауабын іздеп көрді. Бұл бас кейіпкер жүзін жасырмай бар болмысын ашық көрсеткен алғашқы фильм. Тақырыпты сапалы әрі тереңірек ашу үшін фильмде Интерактивті ІТ мүмкіндіктер қолданылған. Қызықты дерек: жобаның ең кіші қатысушысы небәрі 4-те болса, ең үлкені 72 жаста. Осылайша жобаға түрлі саланың мамандарынан бөлек, бірнеше буын өкілдері қатысты. Олай болса сөз кезегі авторда.