Дұғамыз неге қабыл болмайды?

0
70

Бір ауылда дұғасы екі етілмей қабыл болатын бір адам бар екен. Дұғалары қабыл болмайтын бір топ адам әлгі адамның алдынан шығып, мұның сыры мен жай-жапсарын сұрайды. Дұғасы қабыл болатын адам бір топ адамнан: «Дәл қазір сендер танымайтын бір адам келіп қарызға ақша сұраса берер ме едіңдер?» — деп сұрайды. Олар бірауыздан:
– Танымайтын адамға қалай қарыз береміз,- дейді.
Жарайды, егер мен сұрасам берер ме едіңдер? — деп тағы сұрақтың астына алады. Сен сұрасаң, әрине, береміз, — дейді. Олардан не үшін беретіндіктерінің себебін сұрағанда, былай жауап қайырады:
– Біз сені жақсы танимыз. Сен сөзіңде тұрасың, өтірік айтпайсың, шыншылсың. Сен әрдайым жақсылық істейсің, — дейді.
Сонда әлгі адам:
– Міне Алла да дәл солай. Өзін жақсы танитын, өзіне берік сенетін, әрдайым еске алатын, құлдық міндетін қолынан келгенше дұрыс атқаратын адамдардың дұғасын қабыл етеді, — деген екен.

Өмірдің үзік сырлары кітабінан
Файзулла Тайтелиев