Әрбір істе бір қайыр бар

0
599

Ертеде Африкадағы бір аймаққа билік жүргізген бір патша болыпты. Патша кішкене кезінен бірге өскен құрбы досын ешқашан қасынан тастамай алып жүретін. Сол досының ешкімге ұқсамайтын бір мінезі бар еді. Өзінің басына келген қандай да бір іс немесе қандай да бір адамның жамандыққа ұрылуы мен жақсылыққа қарай бет алғанына бір ғана сөз айтатын: «Мұнда да бір қайыр бар!»
Бір күні патша мен досы аң аулауға шығады. Патшаның досы мылтықты оқтап патшаға беріп тұрды, патша дайын шүріппені басып отыра берді. Досы мылтықты оқтап жатқанда, белгісіз-бір себептермен шүріптерді басқанда мылтық атылып кетіп, патша бас бармағынан айырылып қалды. Мұны көрген досы әдеттегі сөзін айтты: «Мұнда да бір қайыр бар!»
Сонда патша ашу шақырып, досын зынданға тастатқызды. Араға бір жыл салып, патша адам жейтін тайпалардың қоныстанған аймағына аңшылықтың қызығымен кіріп кетеді. Олар ол жерлердің қауіпті екенін жақсы білетін. Жабайы тайпалар оларды ұстап алып, ауылдарына алып барды да қол-аяқтарын байлап, ауылдың ортасына отын жинады. Оларды отындардың ортасына мықтап тұрып байлады. Байлап жатқанда араларынан біреуі патшаның бір саусағындағы кемістікті байқап қалды. Ол тайпалардың нанымдарында кеміс адамдарды жеу, басқа бәлекет әкеледі деген сенім бар еді. Сөйтіп патшаны босатып жібереді. Ал қалғандарын отқа қақтап жейді.
Саусағының кемтарлығының арқасында өлімнен аман-есен үйіне оралған патша төбесі көкке жетердей қуанды. Айрылмас досын сол үшін зынданға тастағанына да қатты өкініп, қателігін түсінді. Дереу зынданға барып, досына болған жайттың барлығын айтып берді.
– Сен сонда дұрыс айтқан екенсің! — деді де, сөзін былай сабақтады:  саусағымның жұлынып кеткендігінің түбінде терең мән бар екен. Мен оны кеш түсіндім. Сені зынданда қамап ұстағаным үшін кешірім өтінем. Саған опасыздық жасаппын».  
– Жоқ қаталесесің. Мұнда да бір қайыр бар, — деп жауап бергенде Патша таң қалып:   
– Сен осы жынданғаннан саумысың? Досын зынданға қамап тастағанның қай жерінде қайыр бар? — дегенде, досы былай деп жауап берген екен:  
– Егер мен зынданда отырмағанда, сенімен бірге аңға шыққан болар едім. Солай емес пе? Одан ары не боларын сен айта ғой!