Әскери бөлімінің қызметкерлерімен кездесу

0
127

Шымкент қаласы 0506 әскери бөлімінің қызметкерлерімен «Діни экстремизм мен терроризмнің салдары» атты тақырыпта ақпараттық түсіндіру жұмыстары өткізілді. Кездесуге Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Айтаев Икрам қатысты.


Кездесуде діни экстремизм, терроризм, радикализм белгілері мен салдарына тоқталып өтті. Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың бағыттарын түсіндіру. ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы, Қылмыстық кодекстің экстремизм және терроризмге қатысты баптары, «2018-2022 жылдарға арналған экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бағдарламасы» кеңінен түсіндірілді. Қосымша елімізде соттың шешімімен тыйым салынған кереғар діни ұйымдар мен қозғалыстардың белгілеріне тоқталып, кездесу соңында қойылған сұрақтар өз деңгейінде қанағаттандырылды.