«Шымкент қайырымды қала жастары діни экстремизмге қарсы» тақырыбында кездесу өтті

0
1516

Бүгін Шымкент қаласындағы №86 жалпы орта мектебінің жоғары сынып оқушылары арасында «Шымкент қайырымды қала жастары діни экстремизмге қарсы» тақырыбы бойынша кездесу болып өтті.
Кездесуге Шымкент қаласы ішкі саясат жəне дін істері басқармасы «Дін мəселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ақпараттық-түсіндіру тобының қызметкері Кенжебек Рысбеков баяндама жасады.

Кездесу барысында, мектеп оқушыларына «Ғаламтор шырмауына түскен тағдырлар» атты видео-ролик көрсете отырып, қазіргі таңда дін атын жамылып, дінді ақылмен емес, эмоциямен, яғни сезіммен сондай-ақ бір-жақты көзқараспен қабылдап, санасына сіңіріп, ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізді жоққа шығару қоғамда Ислам дінін сүйсіндірудің орнына, жек көрінішті етіп, жирендіріп, қоғамды ішінен бөлу арқылы мұсылмандардың сенімдерін алдап-арбайтын түрлі әрекеттерге апарып отырғандығы айтылды. Сондай-ақ еліміз көп дінді, көп ұлтты мемлекет. Басқа ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға, оларды бөліп жарып қарамау. Елімізде рұхсат етілген яғни Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) рұхсат етілген діни әдебиеттер мен діни уағызшыларды тыңдау керек екендігін, баса назарға алуымыз керек деген сөзін жеткізді.
Сөз соңында, кез-келген ғаламтордан келіп түсетін ақпараттарды ақылдың сүзгісінен өткізіп отыруды, діни мәліметтерге атүсті қарамай сергек болу, сауатты болу керек екені айтылды. Ақпарат алмасуда барынша отбасыдағы әкесімен, анасымен, не болмаса мектеп мұғалімдерімен кеңесуді айтып өтті.