Шымкент: Мешітте кітап оқу клубы ашылды

0
563

Шымкент қаласы Орталық мешіті жанындағы «Жастар секторы» өкілдігінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Артық ғылым кітапта» атты кітап оқу клубы ашылды.

Аталмыш бастаманы жуырда ғана Шымкент қалалық «Жастар секторының» жетекшісі болып тағайындалған Анарғали Керімбеков қолға алып отыр. Негізгі мақсат – жастардың айына кемінде бір кітап оқуға деген ықыласын ояту, оларды жаман әдет-қылықтардан сақтандыру.
Тың бастамаға Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаевтың тарапынан ҚМДБ шығарған «Дін мен дәстүр» кітабы ұсынылды. Бұл оқырмандар тарапынан үлкен қолдауға ие болуда.
Айта кету керек, байқау нәтижесі бойынша оқырмандардың кітапты қаншалықты түсініп, меңгергенін анықтайтын тест ұйымдастырылып, нәтижесінде сынақтан мүдірмей өткен оқырмандарға арнайы сыйлықтар беріледі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, кітап оқу байқауы ай сайын өтеді.