Алматы облысы: «Mi battle» интеллектуалды ойыны өтті

0
2265

«Шын жүйрікке шаршы топта қарсылас жоқ» деуші еді дана қазақ. «Mi battle» интеллектуалды ойынында да кескілескен жарыс-тартыстар аз болмады. Логика мен ой ұшқырлығын, шапшаңдық пен білімді талап ететін аталмыш ойынға: «Сұңқар», «Асыл ұрпақ», «БАҚ шабады», «Ғибрат», «Джентельмены», «Алға» командалары қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Жеті кезеңге созылған сайыстың әр кезеңі қызыққа толы болды. Бірінде жасырылған әуендер мен кинолардың аттарын табу керек болса, ал , бірінде логикалық сұрақтар қойылды. Бұл жерде тағы бір ескерерлік және қажет етерлік нәрсе: «шапшаңдық» болып табылады. Төрешілер уақыт аяқталған соң жауап парақшаларын жинап алады. Сол себепті дер кезінде жазып үлгеру керек. Осы сындардан мүдірмей, қарсыластарынан оқ бойы озып шыққан «Ғибрат» тобы жарыс жеңімпаздары болып табылды. Ал екінші орынды «Сұңқар» тобы қанжығаласа, үшінші орынды «Асыл ұрпақ» командасы иеленді. Қаламыздағы сүйіп ойнайтын және сұранысқа ие болған «Mi battle» интеллектуалды ойыны алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

Ақпарат көзі: Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы