Алматыда Наурыз мейрамы кезінде теракт ұйымдастырмақ болған күдікті қолға түсті — ҰҚК

0
1279

Алматыда «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымының идеологиясын ұстанушыны қолға түсті, деп жазады ҚазАқпарат. «2020 жылғы 13 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Алматы қаласында «ДАИШ» (Қазақстанда тыйым салынған) халықаралық террористік ұйымы идеологиясын ұстанушыны ұстап, сот санкциясымен қамауға алды. Тұтқындалған адам Наурыз мейрамын мерекелеу кезінде халық көп шоғырланған орындарда теракт дайындады деп күдіктелуде. Тергеу іс-қимылдары барысында одан екі жауынгерлік граната алынды» делінген хабарламада