Шымкент мешіттерінде дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді

0
494

Шымкент қаласына қарасты барлық мешіттерде коронавирусқа байланысты қажетті дезинфекциялық шаралар жүргізіліп, ғибадатханалардың іші толығымен залалсыздандырылды. Жамағатқа түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Коронавирус қатерінің алдын алу мақсатында сақтық шаралары қолға алынып, тазалық мәселесіне баса мән берілуде. Халық көп шоғырланатын қоғамдық орындардың қауіпсіздігі жіті бақыланып, қатерлі дерттен сақтану шаралары жүйелі түрде айтылып келеді.
Осы орайда, ҚМДБ коронавирустың алдын алу шараларына қатысты үндеу жариялап, сақтық шараларын күшейтуге шақырған болатын.

Қазіргі таңда құлшылық ордаларындағы тазалық пен қауіпсіздік шаралары қатаң қадағалануда.