ШЫМКЕНТ: «Діни кеңес беру» бөлмесі іске қосылды (ФОТО)

0
343

Бүгін, Шымкент қаласы орталық мешіті жанынан түрлі кереғар ағымдардың жетегінде кеткен азаматтармен жеке және жалпы кездесу жұмыстары бойынша «Діни кеңес беру» бөлмесі іске қосылды.
Уақыт талабына сәйкес, бұл бастама ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің тікелей бақылауында ұстап, күн тәртібіне қойылып отыр. Осы тапсырманы Шымкент қаласының Бас имамы Бақтыбай қажы Қыдырбайұлы жан-жақты қарастырып, жүзеге асырды.
«Діни оңалту» және «Діни кеңес беру» бағытындағы жұмыстарға әйгілі Әл-Азһар университетінің түлегі Берік Арынов жетекшілік ететін болды. Мұнымен қатар, арнайы топ қайта жасақталып, құрамына жоғары һәм білікті 17 имамдарымыз енгіліді.
Бұл бағыттағы жұмыстардың дені жат ағым жетегінде кеткен азаматтармен кездесу, түсіндіру, оңалту, бейімдеу сынды жұмыстарды жүргізеді.
Түрлі жат ағым мәселелеріне байланысты «Call-Center» орталығының байланысы: +7084784872 немесе осы нөмірге WhatsApp желісіне тіркеліп, көкейдегі сауалдарға жауап табуға болады.


ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі