Шымкент қаласының имамдары онлайн мәжіліс өтті

0
1578

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы бойынша Шымкент қаласының имамдары түрлі деңгейдегі мәжілістер мен жиындарды онлайн өткізуді қолға алды.

Әлемді дүрбелеңге салған СOVID-2019 жұқпалы індетін жұқтырып алмас үшін төтенше жағдайды ескеріп, Шымкент қаласының имамдары үй жағдайында болып, берілген барлық тапсырмаларды онлайн түрінде  орындап, жүргізіп отыр.

Алғашқы онлайн мәжілісте келе жатқан қасиетті Рамазан айына дайындық барысы талқыланды. Мәжіліске Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай Бейсенбаев, наиб имамдар Мұхамеджан Естеміров, Әл-Фараби аудандық мешітінің бас имамы Ахметжан Керімбек, Абай аудандық мешіттің бас имамы Исмаил Панов, Еңбекші аудандық мешіттің бас имамы Еркебұлан Қарақұлов, Қаратау аудандық мешіттің  бас имамы Дастан Желеуов, қалалық «Зекет» қорының жетекшісі Айбек Азимбаев пен «Жастар» секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков және Iman.kz сайтының жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы қатысты.

Онлайн мәжіліс барысында төтенше жағдай кезіндегі «Жүрек жылуы» «Біз біргеміз» атты қайырымдылық шараларын өткізу барысы, мешіттер мен имамдардың әлеуметтік мәселелері және ҚМДБ тарапынан берілген қасиетті Рамазан айына қатысты тапсырмалар түсіндірілді.